Бүгін Франция жолдарында жыл сайынғы «Критериум Дофине» веложарысының 3-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

3-кезеңнің жеңімпазы UAE-Team Emirates командасындағы италиялық Давиде Формоло болды, екінші орынды Team Jumbo-Visma командасының словениялық шабандозы Примож Роглич иеленді. Үшінші орыннан франциялық Тибо Пино (Groupama-FDJ) көрінді.

Мигель Анхель Лопес астаналық шабандоздардың арасынан үздік болып, бұл кезеңід 10-орында аяқтады.

«Критериум Дофине». Үшінші кезең.

1. Давиде Формоло (UAE-Team Emirates) - 4:06:56

2. Примож Роглич (Team Jumbo-Visma) - +0:33

3. Тибо Пино (Groupama-FDJ) -

...10. Мигель Анхель Лопес («Астана»)

Жалпы есеп:

1. Примож Роглич (Team Jumbo-Visma) - 13:14:35

2. Тибо Пино (Groupama-FDJ) - +0:14

3. Эмануэль Бухман (Bora-Hansgrohe) - +0:20

...8. Мигель Анхель Лопес («Астана») - +0:32