Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Бірінші лигада бақ сынайтын «Жетісу Б» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

«Тобыл» талдықорғандық команданы 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Сергей Малый соқты.

Айта кетейік, ойын Талғардағы оқу-жаттығу базасында өтті.