Чемпиондар лигасының ширек финалында неміс клубы «РБ Лейпциг» испаниялық «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «РБ Лейпциг» бапкері Юлиан Нагельсман турнир тарихына өзгерту енгізіп, рекорд жаңартты.

Командасын Чемпиондар лигасының жартылай финалына алып шыққан Нагельсманның жасы - 33 жас 21 күн. Осылайша ол турнир тарихында жартылай финалға жолдама алған ең жас бапкер атанып отыр.