Нұрсұлтандық «Барыс» өзінің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына алыс шетелдерден келіп жеткен хоккейшілердің алғашқы тобының медициналық тексеруден өткені туралы фотосуреттер жүктеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, қорғаушылар Даррен Диц пен Джесси Блэкер, сондай-ақ шабуылшылар Мэттью Фрэттин мен Кертис Волктың Қазақстан астанасына келгені ресми түрде расталды.

Жақында бұл хоккейшілер командаға қосылады деп күтіліп отыр.