Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үлкен кортқа оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының жеке жаттықтырушысы Стефано Вуков өзінің Инстаграмдағы парақшасының «stories» бөлімінде Рыбакинаның жаттығуы туралы бірнеше бейнеролик орналастырды.

Есте сала кетейік, Еленаның коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шаралардан кейінгі алғашқы жарысы Нью-Йорктегі 21-28 тамыз аралығында Нью-Йоркте US Open турнирінің ашылуы қарсаңында өтетін Western & Southern Open турнирі болмақ.

Фото wtatennis.com