Қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы (11-1) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңіліп көрмеген спортшымыз 19 қыркүйек күні Мәскеуде өтетін АСА 111 турнирінде октагонға шығады. Оның қарсыласы жартылай ауыр салмақта чемпиондық титулға үміткер Алексей Буторин (15-4) болмақ.

Естеріңізде болса, Асылжан Бақытжанұлы соңғы жекпе-жегін Алматыдағы АСА 105 турнирінде өткізді. Ол испаниялық Даниэль Толедоны бірінші раундта жеңді.