УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өтетін «Динамо» мен «Астана» арасындағы матчта қызмет ететін төрешілер тобы анықталды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Матчтың бас төрешісі болып польшалық маман Томаш Мусял тағайындалды. Оған отандастары Радослав Сейка мен Марцин Бонек және Павел Рачковски көмектеседі.

«Динамо» – «Астана» кездесуі 18 тамыздан 19-на қараған түні Беларусьтің Брест қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.

Егер «Астана» екінші кезеңге өтсе «Коннас-Ки» (Уэльс) / «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Екінші іріктеу кезең 25-26 тамыз күндері өтеді.