«Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Динамоға» қарсы матчты өткізу үшін Беларуське барады.

Қазір Беларусьте президент сайлауынан кейін жаппай наразылық өтіп жатыр. Дегенмен «Астана» 13 тамыз күні коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырып, Брест қаласына аттанады.

Матч 18 тамыздан 19-на қараған түні Беларусьтің Брест қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.

Егер «Астана» екінші кезеңге өтсе «Коннас-Ки» (Уэльс) / «Сараево» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Екінші іріктеу кезең 25-26 тамыз күндері өтеді.