Азия гандбол федерациясы гандболдан әйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өтетін мерзімді атады.

Азия гандбол федерациясының атқарушы комитеті әйелдер арасындағы бәсекеенің өту уақытын жариялады. Әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 10-20 желтоқсан аралығында өтеді.

Аталған турнир 2021 жылы Испанияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады. Құрлықтық федерация әлемдік гандбол ұйымымен ақылдаса келе, осындай шешім қабылдағанын мәлім етті.