Магнитогорск қаласында 10 тамыз күні хоккейден дәстүрлі Иван Ромазан мемориалы турнирі басталды. Ресейдің қазіргі хоккей тарихындағы ең көне жарыс 29-шы рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

1992 жылдан бері Ромазан мемориалы ешқашан үзілген емес. Магнитогорск темір-металлургия комбинатының басшысын еске алуға арналған турнир алғаш рет жанкүйерсіз өткізілуіп отыр.

Төрт күнде төрт команда бір-бірімен матч өткізіп шығады да, ал ең көп ұпай жинаған клуб жеңімпаз атанады.

Жарыстың екінші күні «Автомобилист» матчтан кейінгі соққыларда «Амурдан» басым түссе - 1:0Б, «Металлург» «Сибирьді» 3:2 есебімен жеңді.