Жоғары хоккей лигасы үш қазақстандық команданың турнирге қатысудан бас тартқанын хабарлады.

– Қазақстан хоккей федерациясы Жоғары хоккей лигасының 2020-2021 жылғы маусымына «Сарыарқа» (Қарағанды), «Торпедо“ (Өскемен) және «Номад» (Нұр-Сұлтан) командалары қатыспайтыны туралы шешім қабылдады.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты осындай шешімге келген, - делінген мәлімдемеде.

Аталған үш команда алдағы маусымды Қазақстан чемпионатында өткізеді.