Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 ко) Минскідегі бокс кешіндегі жеңілісінен соң IBF рейтингінен шығып қалды.

WBA Intercontinental, WBO Oriental, IBF Austral Asia белбеулерінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев Франция өкілі Сэнди Мессундпен (14-7, 1 KO) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Нұрсұлтан Жаңабаев Халықаралық бокс федерациясының жаңартылған рейтингінде өз салмағында үздік 15 боксшының қатарынан шығып қалды.