Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор сүйіктісі Ди Девлинге ұсыныс жасады.

Маңызды оқиға cүйіктісінің туған күнімен тұспа-тұс келді. Макгрегор ұсыныс жасағанын Instagram-парақшасында хабарлады.

«Болашақ әйелімнің туған күні», - деп жазды спортшы.

Бүгінде МакГрегор мен Девлин екі баланы - ұлы Джек пен қызы Кройды тәрбиелеп отыр.