«Барыс» ХК қорғаушы Кирилл Полоховпен келісімшарттың ұзартылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа келісімшарт 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды.

«Біз ресми түрде хабарлаймыз: қорғаушы Кирилл Полохов тағы екі маусым бізбен бірге. Тек алға, Кирилл», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі Instagram-да.

Өткен маусымда Полохов 8 матч өткізіп, 1 ұпай жинады (0+1).