Андреа Пирло «Ювентустың» жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб сайтының хабарлауынша, 41 жастағы италиялық 2022 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, Пирло бапкерлік мансабын енді ғана бастайды. Шілде айының соңында ол «Ювентустың» жастар командасын басқарды.

Пирло «Ювентус» сапында 2011 жылдан 2015 жылға дейін ойнаған. Клуб құрамында ол 7 кубок жеңіп алды. Ол сонымен қатар, 2006 жылы Италия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.