Қазақстандық боксшы Илья Очкин (6-1, 2КО) келесі жекпе-жегін 22 тамыз өткізеді.

BoxRec сайтының мәліметінше, 23 жастағы боксшы Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін кеште шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Илья Очкин кәсіпқой бокста 2018 жылы ауысқан. Соңғы жекпе-жегінде ресейлік Алексей Тухтаровпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.