Құрлықтық хоккей лигасы 2020/2021 жылға арналған презентация өткізіп, Директорлар кеңесі жаңа маусымдағы командалар тізімін бекітті.

Жаңа маусым 2 қыркүйекте басталады және турнирде 23 команда бақ сынайды.

ҚХЛ-да сынға түсетін командалар қатарында елордалық «Барыс» клубы да бар.

Айта кетелік, «Барыстың» биылғы маусымға қатысу-қатыспауы ең соңына дейін белгісіз болатын. Маусымның негізгі бөлігінде жалпы есебі 690 матч өтеді деп жоспарлануда.