Қазақстандық ойыншы Константин Энгель жарақатынан айығып жатыр.

Екінші Бундеслигада бақ сынайтын «Оснабрюк» командасының ойыншысы тізінен жарақат алған. Сол үшін өткен маусымның тең жартысында алаңға шыға алмады.

Биыл қазақстандық ойыншы тек бір ғана ойынға қатысқан. Дегенмен футболшы әлі күнге жарақатынан толық айықпаған.