Еуропа лигасының 1/8 финалында «Севилья» «Ромадан» 2: 0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл андалусиялықтардың аталған турнирдегі 39-жеңісі болып отыр.

УЕФА-ның ресми сайтының хабарлауынша, бұл нәтиже Еуропа лигасының рекорды саналады.

«Севилья» «Ред Булл Зальцбургтің» жетістігін қайталады және егер ширек финалда «Вулверхэмптонды» жеңсе, осы көрсеткіш бойынша жеке-дара көш бастайды.