Астаналық «Барыстың» бас бапкері Юрий Михайлис Astana TV телеарнасына берген сұхбатында команданың маусым алдындағы дайындығына жоспарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін біз жігіттерді бірінші күнмен құттықтадық, жұмысқа шықтық. Жоспар бойынша бірінші аптада біз «Барыс Аренада» жұмыс істейміз. Бір аптадан кейін біз Мичуринодағы базаға аттанамыз, сонда екі апталық жиын өткіземіз. Сол кезде легионерлер де, ресейліктер де келеді деп үміттенемін. Шекаралар ашылады, олар 10 тамызда келеді деп сенемін», - деді бапкер.

Еске салайық, «Барыс» хоккейшілері 4 тамызда маусымға дайындығын бастаған болатын. ҚХЛ тұрақты чемпионаты 2 қыркүйекте басталады.

Фото hcbarys.kz