«Шахтер» футболшылары Еуропа лигасының 1/8 финалының екінші матчында «Вольфсбургті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Киевте «НК Олимпийский» стадионында өтті және 3:0 есебімен аяқталды. Украиналық клуб сапынан голдарды Жуниор Мораес (дубль) мен Манор Соломон соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Германияда өткен алғашқы кездесу 2:1 есебімен украин клубының пайдасына аяқталды.