Бүгін жыл сайынғы «Польша туры» веложарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңнің жеңімпазы Jumbo-Vismа командасының өкілі Дилан Груневеген, екінші орынды Deceuninck-Quick Step командасындағы Фабио Якобсен, үшінші орынды француз Марк Сарро (Группа-ФДЖ) иеленді.

Қазақстандық команданың шабандоздары арасындағы ең жақсы нәтижені 26-шы орынды иеленген Уго Уль көрсетті.

«Польша туры». Бірінші кезең

1. Дилан Груневеген (Jumbo-Vismа) - 4:31:50

2. Фабио Якобсен (Deceuninck-Quick Step)

3. Марк Сарро (Groupama-FDJ)

...26. Уго Уль («Астана»)