Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» 30 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Пабло Подиомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы кәсіби мансабын отанында «Плососа» спорт клубында бастады. 2008 жылы ол Еуропаға көшіп, Словакияның «Спорт» футбол клубында ойнады. 2017 жылғы сәтті ойынының арқасында ол Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің матчтарына қатысқан чехиялық «Фастав» футбол клубына шақырту алды.

Сонымен қатар 2018 жылы ол әзірбайжандық «Кешла» командасының намысын қорғады. Бұған дейін ҚПЛ-да «Ертіс» сапында ойнады.