УЕФА коронавирус пандемиясының салдарынан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының келесі маусымының ережесіне өзгерістер өткізді.

Әр жеребе алдында УЕФА мемлекеттер арасындағы жүріс-тұрысқа тыйым салынғанын қарайды. Әрбір клуб шектеулер бар екенін матчтан екі күн бұрын хабарлау қажет. Әйтпегенде командаға техникалық жеңіліс саналады.

Әрбір матчтың алдында клубтар коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесттен өтеді. Командадан кем дегенде 13 ойыншы сау ойыншы анықталса матчқа жіберіледі. Егер клуб ойыншылары коронавирус жұқтырған себепті матч өтпейтін болса техникалық жеңіліс беріледі.