5 тамызда Беларусь астанасы Минскіде бокстан «Kold Wars» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шара аясында қазақстандық ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий рингке шығады, ол IBO Inter-Continental титулын Камол Соколовскиймен жекпе-жекте қорғайды.
Шоудың басты оқиғасы бірінші орта дивизионы бойынша болашағынан зор үміт күттіретін ресейлік боксшы Сергей Шигашев пен мықты британиялық боксшы Кингсли Эгбанайк арасындағы жекпе-жек болмақ.
Кәсіпқой бокс кешінің тікелей эфирін ХАБАР телеарнасынан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:30-дан бастап тамашалауға болады.
Комментарии