«Сарыарқаның» фарм-клубы «Теміртау» командасының бас бапкерінің көмекшісі Максим Кривоножкин қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.

Қарағандылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылған.

«Теміртау клубы Максим Александровичке қызметі үшін алғыс айтады және алдағы мансабына сәттілік тілейді!», - деп жазды «Сарыарқаның» баспасөз қызметі.

Кривоножкиннің орнына өткен маусымда «Сарыарқаның» жастар командасы «Қыранның» жаттықтырушылар алқасын басқарған Роман Козлов тағайындалды.