Танымал ресейлік футбол сарапшысы және блогер Михаил Борзыкин мәскеулік «Спартактың» шабуылшысы Денис Глушаков мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін екенін айтты.

– Глушаков «Қайратқа» не Түркияға кетеді деп ойлаймын. Өйткені ол жақта біздің РПЛ секілді чемпионаттары дамымай келеді. Бұрын «Фенербахче», «Галатасарай» не «Бешікташ» еурододада ойнайтын еді, қазір тек ақшасы бар, – деді футбол сарапшысы «Фабрика футбола» Youtube-арнасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің басылымдары Денис Глушаковтың мансабын басқа елде жалғастыратынын жазған болатын.