Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы көрмелік турнирде кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

23 жастағы теннисші UTR Pro Match Series турниріндегі кортқа канадалық Клив Харперге қарсы шыққан. Попко қарсыласына екі сетте жол берді - 2:6, 3:6.

Осылайша, қазақстандық теннисші соңғы алты матчта алғаш рет жеңіліп отыр.

Енді Дмитрий Попко Алехандро Гомеспен кездеседі.