Бүгін франциялық «Окситания туры» көпкүндік жарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңнің жеңімпазы Сонни Колбрелли (Bahrain-McLaren) болды. 4 сағат 22 минутта ол 174 шақырымды жүріп өтті. Екінші орында - Брайан Кокард (B&B Hotels - Vital Concept). Үздік үштікті Никколо Бонифацио (Bahrain-McLaren) түйіндеді.

«Астана» сапынан ең үздік нәтижені 15-ші орынды иеленген Луис Леон Санчес көрсетті. Оның соңынан қазақстандық команданың тағы бір өкілі ресейлік Александр Власов келді. 46-шы орында - Харольд Техада, 54-ші орында - Мерхави Кудус, 79-орында - Омар Фрайле, 91-Эрнандо Бохоркез.

«Окситания туры». 2-кезең

1. Сонни Кольбрелли (Bahrain-McLaren) - 4сағат:22:22

2.Бриан Кокар (B&B Hotels - Vital Concept

3.Никколо Бонифацио (Total Direct Energie)

15… Луис Леон Санчес («Астана»)