Александр Меркель «Астана» клубының ұсынысын қабыл алмады. Бұл туралы спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Kozhakhmet_inside телеграмм-каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан құрамасының ойыншысы азиялық клубтардың бірінің ұсынысын қарастырып жатыр.

«Футболшыға бірқатар ұсыныстар бар, бірақ қаржылық жағынан «Астана» ең тиімді болды. Батыс Азия клубтарының бірінен қабыл алуға тұрарлық ұсыныс бар. Меркель Бауыржан Исламханмен бір чемпионатта ойнауы мүмкін», - деп жазды журналист.