WBC Youth World және WBC Asia белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында бапкері Ернұр Жаңабаймен бірге жаттығып жүр, бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Ахмедов Канадаға рингке шығуы керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.