Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко UTR Pro Match сериясындағы турнирде қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бұл жолы ресейлік Аслан Карацевпен кездесті. Кездесу 6:4, 6:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Попко бірнеше күн бұрын дәл осы қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен жеңіген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Попко колумбиялық Николас Меджияны 6:4, 6:4 есебімен жеңген еді.