Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Еркін Дәрменовтің (10-3) ресейлік Усман Нурмагомедовке (9-0) қарсы жекпе-жегі өтпейді.

Еркін Дәрменов 31 шілде күні UAE WARRIORS 12 турнирінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда оның орнына Финляндия өкілі Джерри Кварнстром шығады.

Айта кетейік, Еркін Дәрменов соңғы кездесуінде әзербайжандық Аллахверди Панаховты (0-1) жеңді.