Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының ширек финалдық кездесулері болып өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ»
 
Жартылай финалға Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облысынан тоғыз спортшыдан шықты, Алматы мен Ақмола облысынан бестен,  Астанадан төрт, Алматы қаласы, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан екіден, ал, Шығыс Қазақстан облысының атынан бір боксшы шықты.
 
Жартылай финалдық кездесулер ертең, 3 желтоқсанда өтеді,финал – 4 желтоқсанда.
 
49 келі: Мардан Берікбаев (Алматы облысы), Жомарт Ержан (ОҚО), Шерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы) және Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы).
 
52 келі: Мирас Жақыпов (ШҚО), Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы), Олжас Сәттібаев (Жамбыл облысы), Азат Махметов (Астана).
 
56 келі: Жанболат Тілегенұлы (Алматы), Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы), Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы), Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы).
 
60 келі: Дархан Жұмсақбаев (Астана), Ержан Мұсафиров (Қарағанды облысы), Жәнібек Күшенбаев (Жамбыл облысы), Закир Сафиуллин (ОҚО).
 
64 келі: Алмасбек Әлібеков (ОҚО), Мақсат Жексенбі (Қарағанды облысы), Ғани Жайлауов (Жамбыл облысы), Самат Бәшенов (Астана).
 
69 келі: Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл облысы), Мадияр Әшкеев (Маңғыстау облысы), Бекзат Халметов (ОҚО), Асланбек Шыңбергенов (Жамбыл облысы).
 
75 келі: Сапарбай Айдаров (Алматы), Мейірім Нұрсұлтанов (Астана), Нұрзат Сабыров (ОҚО), Рүстем Сыбай (Қызылорда облысы).
 
81 келі: Нұрдәулет Жарманов (Ақмола облысы) Нұрбол Алтаев (ОҚО), Арман Рысбек (Алматы облысы), Әли Ахметов (Алматы облысы).
 
91 келі: Асқар Абдуллаев (ОҚО), Мұхамеджан Еркін (ОҚО), Алмат Серімов (Қарағанды облысы), Арбек Әбуғаниев (Алматы облысы).
 
+91 келі: Евгений Егембердиев (Жамбыл облысы), Нұржан Бекзатов (ОҚО), Кенже Аманжолов (Маңғыстау облысы), Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).
 
kfb.kz сайтының ақпараты бойынша