«Аль Айн» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханмен жаңа келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісімшарт үш жылға жасаған.

Жаңа келісімшарттың жасалуына команданың бас бапкері Педро Эмануэл әсер еткен көрінеді.

Бауыржан Исламхан келісімшартқа қол қоюдан бұрын БАӘ-дегі карантин талабына сәйкес жеті күнге оқшауланды. Коронавирусқа байланысты екі мәрте сынама тапсырды. Толық медициналық қадағалаудан өтті.

- «Аль Айн» футбол клубының директорлар кеңесіне және команданың жаттықтырушысы Педро Эмануэлге маған сенім білдіргені үшін, әрі менің қабілетімді жоғары бағалап, сенгендері үшін алғысымды білдіремін, - деді келісімшартқа қол қойғаннан кейін Бауыржан Исламхан.

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан биыл 31 қаңтарда «Аль-Айн» командасымен маусым айына дейін келісімшартқа қол қойған еді. Ол он ойында жасыл алаңға шықты. Қарсыластар қақпасын бір мәрте дәл көздеп, үш мәрте нәтижелі пас берді.

Фото alainclub.ae