«Барселонаның» қақпашысы Марк-Андре тер Штегенге Еуропаның көшбасшы командаларынан ұсыныс түсті.

Cadena SER басылымының мәліметінше, тер Штегенді «Челси» мен «Бавария» сапында көргісі келеді. Дегенмен неміс қақпашысы «Барселонамен» жаңа келісімшартқа отырады деп күтілуде.

Марк-Андре тер Штеген жаңа келісімшарт бойынша жылына 10 миллион еуро жалақы алуға ниетті, алайда каталондық команда тек 6,3 миллион еуро төлеуге дайын.

«Барселонаның» қақпашысымен қазіргі келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.