Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы WBO/WBA/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев (26-0-1, 23 KO) келесі кездесуін канадалық боксшы Жан Паскальға (29-2-1, 17 KO) қарсы өткізуі мүмкін.

Қос жақ жекпе-жекті ұйымдастыруы туралы келісімге келді. Кездесу келер жылдың 14-ші наурыз күні Квебекте өтуі ықтимал. Бірақ, ол үшін канадалық боксшыға осы сенбіде итальяндық Роберто Болонтині ұтуы қажет.