Өткен түнде Италияның А сериясында «Кальяри» командасы өз алаңында «Ювентусты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кәрі синьора» чемпионатанып, етек-жеңін жинайалмай қалған сыңайлы. Алаң иелері 8-минутта-ақ есеп ашты. Гальяноның қанжығасы майланды, ал бірінші тайм соңындағы қосымша уақытта Джованни Симеоне есепті еселей түсті.

Осылайша «Кальяри», соңғы 9 ойында бірінші рет жеңіске жетіп, турнир кестесінің 13-орнына жайғасты.