Латвия чемпионатының жоғарғы дивизионында 11-турдың матчтары өтті. Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов ойнайтын «Валмиера» командасы маусымның көшбасшысы РФШ («Рига футбол мектебі») командасынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәрсеновтың клубы қатарынан екінші жеңіліп отыр. «Валмиера» 15 ұпаймен 4-орында тұрса, РФШ 27 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Сәрсенов клубтағы жанжалға байланысты соңғы екі матчқа қатыспады. Қазақстандық форвард пен оның бірқатар командаластары команданың бас бапкері Тамаз Пертиді жұмыстан босатуды талап еткен хатқа байланысты жаттығудан шеттетілгені туралы хабарланған болатын.