«Ростов» ойыншылары маусым аяқтала салысымен, 2020/21 маусымына дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.

РПЛ-дың жаңа маусымы 9 тамызда басталмақ. Бұл күні «Ростов» пен «Тамбов» командалары кездеседі.

Ростовтықтар өткен маусымда Еуропа лигасына жолдама алды.