Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлын (14-0, 9 КО) екінші орта салмақта WBC Asia титулын сәтті қорғауымен құттықтады.

«Айдос Ербосынұлын екінші орта салмақта WBC Asia белбеуін сәтті қорғауымен құттықтаймыз, Айдос төрешілердің бірауыздан қабылдаған жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды», – делінген ұйымның Твиттер-парақшасында.

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 26 шілдеде германиялық Нуху Лавальді жеңіп, WBO Global, WBC Asian және WBA International титулдарын қорғаған.