Қазақстан Бірінші лигасы тамыз айының екінші аптасында басталады.

ҚКФЛ Бірінші лига командаларын екі топқа бөліп, маусымды екі қалада өткізуді жоспарлап отыр.

1 топ (Шымкент): «Атырау», «Мақтаарал», «Екібастұз», «Алтай», «Байқоңыр», «Арыс», «Қыран».

2 топ (Павлодар): «Ақтөбе», «Ақжайық», «Қайрат-Жастар», «Жетісу»-Б, «Оңтүстік академиясы», «Шахтер-Болат», СДЮСШОР №8.

Екі топтың жеңімпазы Премьер-лиганың жолдамасы үшін өзара күш сынасады.