Calciomercato хабарлауынша, «Ливерпуль» шабуыл шебін «Аякс» ойыншысы Давид Нереспен күшейткісі келеді.

Англиялық клуб былтырғы маусымнан бері бразилиялықтың ойынын бақылап жүр, бірақ қазір «қызылдар» ойыншыны сатып алуға толық дайын.

Осы маусымда Нерес Голландия чемпионатының 12 матчында 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.