АСА қазақстандық файтер Нұрберген Шәріповтің (9-2) кезекті жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Нұрберген Шәріпов қолындағы жарақатынан айығып, біздің лигада - ACA108 турнирінде өнер көрсетуге дайын. Жақында біз оның қарсыласын жариялаймыз!», - деп жазды лига.

Айта кетейік, ACA 108 турнирі 8 тамызда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Рашид Магомедов пен Эдуард Вартанян кездеседі.