«Реал Мадрид» футбол клубының қорғаушысы Серхио Рамос ұлының дүниеге келгенін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Балаға Максимо Адриано есімі берілді.

«Мен сіздерді Максимо Адрианомен таныстырғаныма өте қуаныштымын. Ол кешкі сағат 18:56-да туды, салмағы 3,270 келі.

Ана мен баланың жағдайы жақсы. Мен сені әрқашан мақтан тұтамын, махаббатым», - деп жазды Рамос Instagram желісіндегі жеке парақшасында.