«Тобыл» жартылай қорғаушысы Лука Зарандия командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Грузиялық жартылай қорғаушыны жалға алу келісімінің мерзімі аяқталады. Қостанай клубының құрамында Лука Зарандия екі матч өткізіп, өзінің дебюттік ойынында гол авторы атанды. «Тобыл» футбол клубы Лукаға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, одан әрі мансабында табыс тілейді», - делінген хабарламада.