Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер бокс фанаттарына қазақстандық боксшының «Мэдисон Сквер Гарден» аренасындағы алғашқы жеңісін еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Алты жыл бұрын, 2014 жылдың 26 шілдесінде, Геннадий Головкин аустралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Кездесу Қазақстан уақытымен 27 шілдеде таңғы уақытта өткен еді.

«Алты жыл бұрын дәл осы күні GGG әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Гилді әсерлі нокаутпен жеңген еді. Бұл фанаттар үшін кезекті Big Drama Show және Геннадийдің «Гарден» үлкен аренасындағы алғашқы жекпе-жегі болды», — деп жазды Леффлер Твиттер-парақшасында.

Назарларыңызға Головкин - Гил жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз.