Дмитрий Попко UTR Pro Match Series сериясындағы көрмелік матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Демалыста 23 жастағы теннисші канадалық Лиам Дракслюден екі сетте жеңіліп қалды – 6:7 (3), 3:6.

Бұған дейін Попко қатарынан екі матчта жеңген: алдымен беларусьтік Егор Герасимовты тізе бүктірсе, кейін колумбиялық Алехандро Гоместен айласын асырған.