«Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович оның клубы облыстық ауруханаға көмектесу үшін қаражат жинағанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

«Шынымды айтсам, мұндай хабарламаларды жариялағанды ұнатпаймын. Жақсылықты жасырын жасау керек деп есептеймін. Бірақ бұл жерде мен туралы ғана емес, бүкіл команда туралы айтып отырмыз. Менің ойымша, егер біздің жігіттердің игі ісі өзге адамдарды шабыттандырса, бұл біз істеген қайырымдылықтан гөрі маңызды болар еді.

Жалпы, біз облыстық ауруханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға қаражат жинадық. Меніңше, мұндай әрекеттер бізге елдегі жағдайды тезірек қалыпқа келтіруге және ауруды жеңуге көмектеседі», - деп жазды Карпович Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 3 тамызда жалғасады. Барлық матчтар Алматыда өтеді.