24 шілдеде Сочиде өткен ACA 107 турнирінде Магомед Исмаиловпен өткен жекпе-жектен кейін ресейлік файтер Александр Емельяненко ауруханаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz TACC-қа сілтеме жасап.

Команда өкілінің хабарлауынша, дәрігерлер спортшының мұрны сынғанын айтқан.Еске сала кетейік, Александр Емельяненко ACA 107 турнирінің негізгі жекпе-жегінің үшінші раундында Магомед Исмаиловтан техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Фото Валерий Шарифулин / ТАСС